«Ұлт ұстазының ізімен» этно-квест

05.09.2025

2025 жылғы 5 қыркүйек күні КГКП «Жәлел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжі» кітапханасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы М.К. Бейсенбинаның ұйымдастыруымен Тілдер күні мен Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ұлт ұстазының ізімен» атты этно-квест өткізілді.

Мақсаты: қазақ тілінің құндылығын және Ахмет Байтұрсынұлы мұрасын насихаттау, тарихи-лингвистикалық білімді кеңейту, студенттердің командалық өзара әрекетін дамыту. Квест барысында цифрлық құралдар мен офлайн-станциялар заманауи ойын форматына біріктірілді: «Хронология: Ұлт ұстазы» — өмірбаяндық даталар мен деректерді сәйкестендіру. «Қазақ» газеті — басылым материалдары бойынша деректерді іздеу және тексеру. Сонымен бірге тақырыптық бейнеролик көрсетілді; қатысушылар Ахмет Байтұрсынұлының оқулығы негізінде дайындалған карточкалармен жұмыс істеді.

Іс-шара танымдық әрі қызықты атмосферада өтті. Білім алушылар белсенділік танытып, қазақ тілі тарихына қызығушылығын арттырды. Тапсырмаларды орындауда адалдық пен әділдікке ерекше мән берілді, бұл «Адал азамат» жобасының құндылықтарымен үндеседі.



Текст
Виртуальная приемная